Жақсы тұрмас өз елін елеңдетпей,
Сергек ұстап, сананы, көбеңдетпей.
Қартайса да қартаяр жол-жөнімен:
Ақыл-ойын биіктен төмендетпей,
Пендешілік ындынын шеменді етпей.
Мәуесі мол, тұратын қолың жетпей,
Жасартпай ол тұрмайды, елендетпей.
Желіспен де желпінтер, жорға айдатар,
Шардақ ойлы шабанмен тепеңдетпей,
Шаркез, сынғақ мінезбен шегендетпей.
© Естеу Нүсіпбеков
Тамаша екен. Сіздей блоггер барын білмеппін