Метка бала

Жан аздырған жеткіншек

ЖАН АЗДЫРМА, ЖЕТКІНШЕК.

ЖАН АЗДЫРМА, ЖЕТКІНШЕК. Біраз жас қанын бұзып құтырып жүр, Айықпас ауруларға тұтылып жүр. Тән саулық, жан саулықтан сақал сипап, Ақылдан жүген ұстап ұтылып жүр. Не нәрсе тәнін бұзған, жанын бұзған? Сұйылтып қою күрең қанын бұзған. Адамдық қасиеттерден жалаңаштап, Қандай күш…

ТҮРКИЯҒА ОҚУҒА ЖҮРЕРДЕ СЕРІКЖАНҒА АЙТЫЛҒАН ТІЛЕК

Дос, туыстық жол ашып, Білім іздеп барасың. Нарт жомарттай қолы ашық. Оң, солыңды шоласың. Талап, еңбек жаратып, Көкпарға еніп кетесің. Адамдықты мәре етіп, Ар-ұятппен өтесің.

Ауыл әлем-тапырық

Ауыл әлем-тапырық, Арақты жүр сапырып. Баласы ұрсып әкеге, Шыға келер ақырып. Адамы азғын, малы арық, Мөлиеді аларып. Еріндері кезерген, Жел өтінде қабарып.

ШҮКІРШІЛІК

Күз бой, қыс бой иектеген сан сырқат, Қақтаса да қызыл шоқтай тандырлап. Құдай оңдап, Қызыр қолдап, әруақ жар, Қазірінше қалғаны жоқ қан құрғап. Құлағым сақ, қызыл тілім самбырлақ, Бас та, қол да өз ісіне қамбыл-ақ. Ақ бидайын желге ұшырып, қалбырлап,…