Метка бала

Аналарға арнау

Аналарға арнау Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар — Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.

Бала

Бала, бала! Бала — менің мотор-кеудем дүрсілі. Өмірімнің сенбес күнге шұғылысып мөлтілдеген бір шығы. Жақсы болса- Тірлігімнің қыл арқауын зыр-зыр иірер ұршығы. Жаман болса- Жүйке жүндеп, намыс тоттар қырсығы.