Әлі де шалағайсың, шырағым-ай,
Бәйгеге қосқан қасқа, пырағым-ай.
Жар болсын жалғыз Алла бар ісіңе,
Тәубам жетсін Тәңірдің құлағына-ай!
Сөзіңді талғамайсың ақылға сап,
Ісіңді өлшемейсің мақұлға сап.
Ақыл мен айла жұмсар жерде дағы
Кімді де жеңгің келер тақымға сап.
Бойыңнан мін тапса әкең, —
Қуанғайсың.
Әр сөзін дұға көріп жұбанғайсың.
Ақылға ақыл дарып жуандайсың,
Әйтпесе, қайта әкеңнен туа алмайсың.
© Естеу Нүсіпбеков