Метка жыр

Естеу Нүсіпбеков

Кие де, қасиет те бар бойымда.

Кие де, қасиет те бар бойымда. Бақытым кере қарыс маңдайымда. Екі елде еңбек еттім, білім жидым, Тәтті дәм бал қаймақ бар таңдайымда. Ешкімнен ырысым кем жаралмаған. Жерім жоқ кем болам деп алаңдаған. Бақыт пен байлықты да сол деп білдім: Нан…

Өлең жазу

Ауылдағы ақынмын, алыстағы

Ауылдағы ақынмын, алыстағы, Арыстандай ақырған қамыстағы. Бірі білсе, біреуі білмейді әлі, Азулылар, жүйріктер жарыстағы. Атағы жоқ ақынмын қатардағы, Таусылмаған талқаны, татар дәмі. Арғы-бергі екі елде иір-шиыр, Қилы кезең, тар өткел – сапарлары.

АР ЖАҚТАҒЫ БАУЫРҒА ХАТ

АР ЖАҚТАҒЫ БАУЫРҒА ХАТ Сен ар жақта, бауырым, мен бер жақта. Жалбарамыз Құдайға және әруаққа. Бір бабаның сақина, жүзгі едік, Кетпегейміз әр саусақ, әр бармақта. Қ а й ы р м а с ы : Сағындың онда сен мені, Сағындым…

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Қайғы артқан Қазақ Жері! Шыдамдысың. Жатқа сыр алдырмайсың — Мың аңдысын. Шарқ ұрып шүйіледі аспанында, Тас түлек перзенттерің қыран мүсін. Қайыспас Қазақ Жері! Қастерлісің. Қызырлы, құтты, ырысты ас бергішім. Кемелді ұл, керім қыздан әзірлейсің, Кешенді кен орныңның тас көргішін.

Сый сауға

Құр қоймапты тас тағдыр Ғайып кенде: Кемем жүзді Атырау, Жайықпен де. Олжа артқызды арқама. Жаңа ғасыр! Сый-сауғамды атасам айып етпе: Басты сыйым — ақ пырақ Азаттығым, Еркін елге бас ие қазақтығым. Екі жүзден асатын жұрттан қалмай, Тәркі еткенім бодандық азап…