Метка жыр

Іші тарлар

Тайды қостым бәйгеге озса екен деп, Көзін қосты қызғаншақ сүрінсін деп. Құнан қостым бәйгеге озса екен деп, Сөзін қосты өсекші бүлінсін деп. Дөнен қостым бәйгеге озса екен деп, Итін қосты көргенсіз үріксін деп… © Естеу Нүсіпбеков. Сурет Жеңіс Кәкенұлының сайтынана…

Жаз өлеңді бұрқыратып

Дегбірім кенет мазаң, кенет тозаң, Желкеден төнгендей-ақ қамшы созаң. Жүзімнен ойнаған қан оңып тарап, Бүркейді орнын жібек шілтер бозаң. Самарқау, марғау боймен шыбындатпай, Ұйтқиды құйын сезім бұғып жатпай. Ізінше табаға сап шыжылдатып, Түйсік-шоқ шыжғырады қуырдақтай.

Жаңа жыл, жаңа ғасыр

Жаңа жыл, Жаңа ғасыр, Жаңа мыңым! Талайы сапырылды бағалының: Жылқыда тасырқамас тағалының, Өзенде тас бұлақты сағалының. Айтары әліде көп Ағалының: Жайлаудың жазда өсетін самалымын. Жайнаңдап жұпар шашар жамалымын, Ашылған раушан гүлдей қабағымын.

Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты.

Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты. Әркімде ақ жем қақтырар шырға мықты. Тік тұрар төбе шашың, жүрек айнып, Көргенде сырғақ жүріс зырлауықты. Қасыңда ол, тасың өрге домаласа. Мәртебе, мереке — сен оған қоса. Жүреді жинасып та жүген-ноқта, Атыңды аржақтан кеп…

Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар

Ақ сорпа ат құйғытқан нөпір көкпар. Аз да емес ақ тер, көк тер топырлақтар… Не сойы сайгүліктің, салбілектің Осында созылтуда бұлшық ет, қар. Серкені өңгерген кім тайталаста ? Қарт салтаң шетте оны байқамас та… Тақымгер, тартыскерлер өз ісімен. Шара жоқ…