Yerzhan Nussipbekov

Yerzhan Nussipbekov

Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің

Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің, Жанға жылу құяды айтқан сөзің. Қан ойнаған жүзіңнен байқалады Көкірегіңде қайнаған отты сезім. Тау суындай талабың тасып тұр, ә? Діттеп тасыт, албаты асықтырма. Сайды бұзып, жарды есіп, сүрен салып, Жас қайратты жел өті…

Кие де, қасиет те бар бойымда.

Естеу Нүсіпбеков

Кие де, қасиет те бар бойымда. Бақытым кере қарыс маңдайымда. Екі елде еңбек еттім, білім жидым, Тәтті дәм бал қаймақ бар таңдайымда. Ешкімнен ырысым кем жаралмаған. Жерім жоқ кем болам деп алаңдаған. Бақыт пен байлықты да сол деп білдім: Нан…

Кешіккен сый

Кешіккен сый

Кең жүрекке мені де сыйдырыңдар, Жұртым, саған арнаған сыйлығым бар. Сезіміңнің жіптерін еспес бұрын, Ұршығыңды иіріп ширығып ал. Кештім бастан сан қыспақ, сан зобалаң, Орға-аранға құлатты аңдамаған. Бас сауға да іздедім, жан сауға да, Келдім ауып жат жұрттан қан бораған.

Ехх-х-х, бір кем дүние десеңші…

Әкемнің сайтына еш мақала салынбай, бұл жерге ат ізін бұрмағаныма да біраз уақыт болыпты… Адамы көшіп кеткен, күтімі жоқ, қаңырап бос қалған үй сияқты болып көрінді көзіме. Сол қойған заттар сол жерінде қалған, шаң басып кеткен, үйге кірген адам ізі…

Ағалы

Түзде ешкім тиіспейді ағалыға. Қосады қара құндыз жағалыға. Қосады қыста мұздан таймайтұғын, Ал жазда тасырқамас тағалыға. Кеспейді жолын ешкім ағалының, Санатты бірі санап бағалының. Текешік мұрындарды қытықтайды, Жұпары желдей есіп самалының.

ҚОРЫНУ

Айтарымды айтқыштар айтты ғой деп, Айтып-айтып ат таңдап қайтты ғой деп. Ер мен жүген сыпырып бесті атымды, Жіберуші ем өріске «әйт, шу, әй» деп. Менің есем, несібем кеміп кепті. Ал айтқыштың өрісі кеңіп кепті. Қосамжарлау біреуге — ұсақтық деп, Қосақталу…

Ауылдағы ақынмын, алыстағы

Өлең жазу

Ауылдағы ақынмын, алыстағы, Арыстандай ақырған қамыстағы. Бірі білсе, біреуі білмейді әлі, Азулылар, жүйріктер жарыстағы. Атағы жоқ ақынмын қатардағы, Таусылмаған талқаны, татар дәмі. Арғы-бергі екі елде иір-шиыр, Қилы кезең, тар өткел – сапарлары.