Метка жыр

Қою шәй

© Естеу Нүсіпбеков Қайнайды қапалық, Қыздырып жапалық. Шәйнегім тасиды Қақпағы қақалып. Алмаймын шоқтан көз Шығарам оттан тез. Қаймақтап сүт қосам, Қоюлап діт қосам. Емес қой түк босаң, Үнді шай ұрттасаң. Жадырап қабағым, Күй төгер шанағым.

Қақпадан шығып қарасам

© Естеу Нүсіпбеков Қақпадан шығып қарасам, Кеңиді ғажап тынысым. Жадырап жаным орасан, Жазылып бойдан құрысым. Ағылған жұртты көремін, Көлікті және жаяулы. Егдеге сәлем беремін, Жарқын жүз, жаны аяулы. Мектептен қайтқан баланың Наз үні желпіп сергимін. Ақ самай, ақ шаш ананың…

Нағыз ер

Нағыз ер: аршынынан талмағандар, Саудаға ар-ұятын салмағандар. Қатарды аяғынан шалмағандар, Озғанды түп етектен алмағандар. Нағыз ер: теңтұсына тараймаған, Артынан жеткендерге алаймаған. Өз жолын, өр-еңісін абайлаған, Бақ-тәлей басқада артса қараймаған…

Құдайым өмір берді сөресі алыс

Құдайым өмір берді сөресі алыс, Пешенем болғаны ма кере қарыс? Жарар ед солай болса.Әй, білмеймін, Қайда бар жүгінерлік төре, қалыс? Сауал көп: Хақым қанша мақтануға? Көп жасап көп күнаға батпадым ба? Ада етіп ақ парызды ақтадым ба? Әрдайым ар-ұятты сақтадым…

Құдайым өмір берді мәресі алыс

Құдайым өмір берді мәресі алыс, Өнерлі ойда таңдатты бәйге-жарыс. Қолдан қалам түспеді елу бес жыл, Не тындырдым, әз жұртым өзің қалыс. Әділдігін өзің айт, қайран қалыс, Болмағаным ап-анық сайран салғыш. Тек өнерді қууға босатпады Қыл арқандай мойнымнан байланған іс.