Құдайым өмір берді мәресі алыс

Құдайым өмір берді мәресі алыс,
Өнерлі ойда таңдатты бәйге-жарыс.
Қолдан қалам түспеді елу бес жыл,
Не тындырдым, әз жұртым өзің қалыс.

Әділдігін өзің айт, қайран қалыс,
Болмағаным ап-анық сайран салғыш.
Тек өнерді қууға босатпады
Қыл арқандай мойнымнан байланған іс.

Бала оқыттым қырық жыл жауабы күш,
Жігерім – құм, ойым – жүн , қайнақы – іш.
Ойым онға , бөлінді санам санға,
Тереңде алтын көмілді, сайда күміс.

Өкінішті көбейттім, опынысты,
Отқа оралтқан көбейттім тоқынысты.
Көп шабытты жоғалттым оты күшті.
Көз аша алмай мерт болған толғақ үсті
Жан айқайы өлеңнің қорқынышты.

© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемнадцать − 1 =