Бірімбеттің Солтанбек әйелінен туған кіші ұлының азан шақырып қойған аты Жансадық екен. Ол кішкентай адам болыпты. Әуелінде қу тілді бір жеңгесі атын тергеп, «Шүйке бала» атапты дейді. Содан жұрт қызық көріп, «Шүйке» атап кетіпті. Кейін өз аты қағаста қалып, Шүйке деген атымен кетіпті. Қазір бүкіл рулы ел Шүйке аталады.
Шүйке шежіресі былай:
Жансадық-Шүйкеден: Есдәулет (Кірбет), Нияз, Шабар, Ырыскелді.
Есдәулет деген кісі де момын, еңбекпен шұғылданатын жуас адам екен. Оны да жеңгелері Кірбет деп тергегеннен азан аты ұмытылып, Кірбет атымен қалыпты.
© Естеу Нүсіпбеков, 1972 ж.

[…] сары немесе Төрт жәм Сегіз Сары деп кімдер аталады? (3)Жансадық (Шүйке) шежіресі (3)Естеудің байлығы — өлең, бақыты — өлең (3)Көп едік […]
[…] кезінде барып, сонда қалып қалған. 1931 жылы атамыз Нүсіпбектің өз кіндігінен тараған үш жанұя нағашымыз Исаның ауылына ықтаған ғой. Ағайынды […]
Қилеке, салиқалы женгелер көп болса, қыздарымыз,келіндеріміз солардың жолын куса нұр үстіне нұр болар еді. Өмірде отбасының, ұрпағының болашағын ойлайтын ойлы, иманды азаматтар көбейіп, көкек аналар азаяр еді. Жесірін жылатпаған, жетімін қаңғыртпаған, тегін тергеген қайран менің Ұлы Бабаларым!
Әй қу жеңгелер ай! Тергеуін бір қоймаған 🙂 Қалй десекте, ұлтымыздың қасиетті аналары ғой — қайындары мен қайын сіңілілеріне септігі көп тиген!