Қаракемер

Жасыл желең көркіне
Көрген адам қызығар.
Қойнауында Райымбек,
Сатай, Бөлек ізі бар.

Қаракемер ежелден
Қасиетті құт мекен.
Арқар, құлжа сақасын
Ылғи да алшы тіктеген.

Ауа таза, су тұнық,
Жұпар иіс аңқыған.
Кеуде-шанақ кернетіп,
Құйқылжып күй шалқыған.

Алма, алмұрт аткөпір,
Әлемге аты әйгілі.
Жүзіммен де шараппен
Алған талай бәйгіні.

Қаракемер қашан да
Қасиетті құт мекен.
Қошқар, теке асығын
Ылғи алшы тіктеген.

Қос иінмен қос батыр
Қасқалатты аруақты.
Қазақ даңқын асырып,
Шаршы әлемге шарлатты.

Соны сезіп туыстар,
Ардақты іс жасады.
Қос батырдың мүсінін
Мәрмәр тастан қашады.

Қатарымен қасқайтып,
Тас тұғырға тұрғызды.
Мерейлі етті мәңгілік
Кейінгі әулет ұл-қызды.

Бұл іске ырза байтақ Ел,
Ел сүйер ер жерлестер.
Өсе бермек алда да
Қолдан намыс берместер.

Естеу Нүсіпбеков, Есік қаласы.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Қаракемер»

  1. өте керемет жазылған сөздер!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × 2 =