АР ЖАҚТАҒЫ БАУЫРҒА ХАТ
АР ЖАҚТАҒЫ БАУЫРҒА ХАТ Сен ар жақта, бауырым, мен бер жақта. Жалбарамыз Құдайға және әруаққа. Бір бабаның сақина, жүзгі едік, Кетпегейміз әр саусақ, әр бармақта. Қ а й ы р м а с ы : Сағындың онда сен мені, Сағындым…
АР ЖАҚТАҒЫ БАУЫРҒА ХАТ Сен ар жақта, бауырым, мен бер жақта. Жалбарамыз Құдайға және әруаққа. Бір бабаның сақина, жүзгі едік, Кетпегейміз әр саусақ, әр бармақта. Қ а й ы р м а с ы : Сағындың онда сен мені, Сағындым…

Әлди, әлди, ақ бөпе, Ақ бесікке жат бөпе. Әжелерің мерейін Тасыт, көңлін тап, бөпе. Ақ құндағың тұйықта, Үйрен сағат санап, Анаң қолын ұйытпа.
Қанып жүр ғой тән шөлі, Жан шөлі қашан қанады? Жан аңсаған нәрсені Тапсаң — жанар жанады. Шақырады Көк Жайлау, Қалада жаз шыққалы. Жоқ-ақ еді қол байлау, Емеурінді ұл ұқпады.
Қаздитып тіктеп бойын, түзу өскен, Көк сүзген, бірін-бірі күндеместен. Кеңдікпен, кемелдікпен кербезденіп, Нұр, нәрді тең бөліскен қың деместен. Ұмтылған Күнге қарап, Айға қарап, Солқылдақ балашықтар бойлаған-ақ. Сыбызғы, сырнай басым күйі сазды, Сырбаз-ақ самырсындар сары балақ.

Аналарға арнау Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар — Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Қасиетіңнен айналайын адамдар, Кірпік қақпай маған тіке қараңдар. — Сырлар іздеп, сендерден де көз алмай, Көңіл алмай, шақтарым көп алаңдар. Ерке епшіл саусақсыңдар әрбірің, Сыңғырлатып шертіп тұрған жан қылын. Құйыласың көкірегіме күй болып, Еркін бойлап, бетіңде ойнап қан, нұрың.