Метка методика

БУЫНСЫЗ ТІЛ

Буынсыз тіл қайнағанда, Балқытады тас көңілді жібітіп. Буынсыз тіл жайнағанда, Ұсатады таудың тасын үгітіп. Буынсыз тіл жай тастаса, Қақ жарады — қақырайды қарағай. Буынсыз тіл ой тастаса, Жұбанады қара дию баладай.

СӨЗ СИҚЫРЫ

Сөз сиқыры — асау саяқ. Шыға қашып үйірден, Жуытпайды теңжіп бойы, Шалма салар маңына. Жабы өкпесін күйдірген, Барлықтырып болдыртып, Көміп кетер шаңына.

Сөз қадірі

Сөз — сәуле, Күннің нұрын шашыратқан. Тынысы тіршіліктің — Шашу Хақтан. Аймалап бар дүниені жерде, көкте, Нәр сепкен жан біткенге жапырақтан. Сөз — шырақ, Көз алдыңды жарқыратқан. Сөз — бұлақ, таудан суын сарқыратқан. Сөз — теңіз, төлегейін тулататын, Сөз —…

Тіл

Тіл — халықтың негізінің негізі, Көштерінде шаңырақ артар өгізі. Басқыншыдан басын қорғар қаруы, Сегіз қырлы, сексен сырлы өгізі. Тіл — халықтың тірлігінің тірлігі. Қанын, тәнін бұзбай ұстар бірлігі. Тіл — халықтың жанын көрер айнасы, Ардай таза аппақ шаңқан кірлігі.

Тіл маманы

Тіл маманы бірі едім торығулы, Түйтіңдеген үмітсіз, зорығулы. Ашылды өріс, алдымнан кеңістіктер, Доғарайын қысылып қорынуды. Көтерейін еңсемді төмендетпей, Көк дөненім терін ап, көбеңдетпей. «Өнер алды — қызыл тіл» деп кесеткен, Ата сөзі арнасын бөгендетпей.

Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап.

Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап, Бір ғұмыр кітапшасын алпыс қаттап. Гүл жардым алпыс көктем, алпыс жазда, Ажым сап алпыс қыс пен алпыс қатқақ. Күн, түнім ойлы өтті, өнерлі өтті. Өмірден, кітаптан да көрдім көпті. Ал мектеп – ми шыңдаған мектеп…