Сөз қадірі

Сөз — сәуле,
Күннің нұрын шашыратқан.
Тынысы тіршіліктің —
Шашу Хақтан.
Аймалап бар дүниені жерде, көкте,
Нәр сепкен жан біткенге жапырақтан.

Сөз — шырақ,
Көз алдыңды жарқыратқан.
Сөз — бұлақ, таудан суын сарқыратқан.
Сөз — теңіз, төлегейін тулататын,
Сөз — тұлпар, сәйгүлік ой арқыратқан.

Сөз — қуат,
Құлын жүрек жұлқынтатын.
Бойыңнан бура бұлшық бұлқынтатын.
Жер тарпып көк дөненнің тақымында,
Желдіртіп жөнелердей зіркінді атың.

Сөз — жалын,
Ошақ ішін маздататын.
Қуат мол лапылында азғана тым.
Жандырып өртесе де алауында,
Назды үн, нәзік әуен саз жататын.

Сөз — ұстаз,
Ақ жағасын кір шалмаған.
Ашуы кернесе де ұрса алмаған.
Шапағат шашып мейір айналаға,
Жүзінен, жанарынан нұр саулаған.

Сөз — ұстаз,
Жан сарайы жарқыраған.
Білімнің ақ бұлағы сарқыраған.
Күй толы көкірегі күмбірлеген.
Таусылмас ақыл кені алтын адам.

Сөз — ұстаз,
Минуты кем шалқымаған.
Күні кем қорғасын боп балқымаған.
Шарқ ұрып, биікке өрлеп, асқар асып,
Күні кем қыран құстай қалқымаған.

Аспайды түсінгенге наздан өкпем.
Асығыс адас кетіп жұртты сөкпен.
Қаймағын қалыңдатса бұл қазекем,
Кетпейді желге, құмға терім тектен

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемь − 1 =