Ақыл

Ой, есіл ауыр мінез жан ашырым!
Кейде сен қатал сөгіп жан ашуын.
Есемді жібересің елге көрнеу,
Тыңдамай тентек сезім таласуын.

Болсам да қанша көнбіс, өкіндірме,
Бой ықтырып, тұйыққа бекіндірме.
«Бірде өр, бірде төмен жүргізгендей,
Ырзалық, ызада да еркін жүр», — де.

Хұқықтан сезімімді тастама тұл,
Серік ет, жас ынтамды жасқама құр.
Әліптің артын бағу артық-ақ қой,
Деседе кей шақта сыр басқада тұр.

Сезімді тартпа етектен бұрқыраған,
Ол кейде тұнжыраса бір кінәдан.
Тұйығын да жанымның жазып салсын,
Көңілдің ірке көрме ырқын одан.

Естеу Нүсіпбеков, Есік қаласы.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Ақыл»

  1. Папа, әрбір жыр жолдарыңыз тұнжыраған жанымның сезім кілтін дөп басып отырады. Ақындығыңызға ұстаздық біліміңіз қосылып, әлі де бізге тура да, оң жол сілтеп келесіз! Алланың рахымында, Пайғамбардың шапағатында болғайсыз, аяулы ата! Мұқсина Естеукеліні.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девять + шесть =