АДАСҚАН ТУЫС

Мансап iздеп аптықтың жатпай-тынбай,
Таңың тыныш ол жоқта атпайтындай.
Жай үстелге жеткенде-ақ iси қалдың,
Өзге жанды табанға таптайтындай.

Лауазымның бiрiнен бiрiне аттап,
Иiр-қиыр iз бастың шиыр-шатпақ,
Креслоларға жылжыдың жайлы, жұмсақ,
Кiлем жинап үйiңдi қуыршақтап.

Iш майлы мекемеге екi қыстап,
Майсызынан жалықтың жарты жылда-ақ.
Жылжи бiлдiң жайлы төр, жылы орынға,
Туғандай-ақ шешеңнен портфель ұстап.

Үйiң болды ауылда ақ сарайдай,
Үйiң болды қалада ақ сарайдай.
Жан басына бәсiре машинаң боп,
Қарадың-ақ дүниеге бiр тараймай.

Сары алтынмен апталды…
Асыл саусап:
Құлақ, мойын, қос бiлек, тiс пен саусақ.
Таныс болып ағылды бейтаныстар,

Сойыс, сауға, сыбаға жатты жаусап.
Дәнiктiң де құнықтың ләпсi бұзып,
Өзiңнен зор жоқ жерде жүрдiң қызып.
Адалды — арам, арамды — адал дедiң,

Жөн-жобаны жосықсыз қисық сызып.
Ақиқаттан айныдың бара-бара,
Аққа күйе мiнезбен жақтың қара.
Жаны күйген жақынды тарпа бас сап

Жанын, жүзiн тырналап еттiң жара.
Дос, туысты жат көрдiң,
Жатты — жақын.
Аға-iнiден безiндiң тауып қапын.
Ел көрмей демалыста,
Теңiздерден, аралдан алып жатын.
Импорттадың киiмдi, бұйымды да,

Басыңдағы ақыл мен миыңды да.
Байлық iздеп құныққан, бауырым-ай,
Ұттырыпсың жат жұрттық жырындыға…
Арып, жадап кеп тұрсың…

Жүр кетейiк,
Ауылың бай, ел бейбiт, iрге берiк.
Алтын бесiк туған жер жатырқай ма?!
Айқара ашар қойнынан гүл терейiк.

Гүл терейiк, қолдан гүл өсiрейiк,
Өткен-кеткен бәрiн де кешiрейiк.
«Адасқанға айып жоқ, — үйiр тапсаң —
Деп, тыңдай бәйгеге де көсiлейiк.
Естеу Нүсіпбеков, Есік қаласы.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «АДАСҚАН ТУЫС»

  1. “Басыңдағы ақыл мен миыңды да.
    Байлық iздеп құныққан, бауырым-ай,
    Ұттырыпсың жат жұрттық жырындыға…
    Арып, жадап кеп тұрсың…”
    Байлық қолдың кірі демекші, боқ дүниені қуу, күнәлі істерге бату деген сөз. Дүниені сен қума, дүние сені іздеп тапсын! Егер сен бала-шағаңды жақсы тәрбиелеп, пайдалы істер жасасаң, яғни ол үшін мүсәпірге себінді тигізуге міндеттісің.Бала-шағаңның тәрбиесінен соң мүсәпірлерге көңіл қойсаң, қаражат, байлық жағы өз-өзінен шешіледі. Бұл сүйікті Пайғамбарымыздың (оған алланың сәлемі мен салауаты болсын)хадисінен. Сондықтан, өскелең ұрпағымызға Атамның осы өлеңін ден қойып оқып шықса, деген ізгі ниетім бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

17 − 7 =