Метка Отан

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Қайғы артқан Қазақ Жері! Шыдамдысың. Жатқа сыр алдырмайсың — Мың аңдысын. Шарқ ұрып шүйіледі аспанында, Тас түлек перзенттерің қыран мүсін. Қайыспас Қазақ Жері! Қастерлісің. Қызырлы, құтты, ырысты ас бергішім. Кемелді ұл, керім қыздан әзірлейсің, Кешенді кен орныңның тас көргішін.

БОСАҒАН АРҚАУ

Ағайынға ағайын жат болар-ақ, Қайыр-мейір азайып сап болар-ақ. Сертте тұрмас, селт етпес, иіс алмас, Сергелдеңге мына жұрт тап болар-ақ. Қорқынышым менің тым көбейгендей, Жорықсыздық жолы тым кеңейгендей. Әже өлген күн үйленген қызды көріп, Көк өгізі үміттің шөмейгендей.

Соғыс ардагерлеріне

Армысыңдар, ағалар, от кешкендер! Ақ тәндерін боршалап оқ тескендер. Армысыңдар, ағалар, ардагерлер! Ар сыналған жылдарда от кешкендер. От кештіңдер, қып-қызыл шоқ кештіңдер! Аяр жаумен аянбай өштестіңдер. Көзін жоймай гитлершіл жендеттердің. Беттен қайту, бел шешу жоқ дестіңдер.

ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ…

ҚАТ-ҚАБАТЫ ЭФИРДІҢ… Қат-қабаты эфирдің қай тілдерде қақсайды? Саңқылдамай міңкілдеп қай тілдерде ақсайды? Қайсы дидар, қайсы көз шарасынан шақшайды? Қайсы мойын қалтақтап, қайсы мойын қақшайды? Міне бұған ой салмай кімдер бейғам қалғымақ? Қайсы қазақ отырмақ мойны астына салбырап? Қайсы қазақ шаршамақ…