Кәрлі күй
Соқпағанмен тарихқа арнап қорған, Қасқайып кек қайтарып қалмақтардан. Әр төбенің астында мыңдап қазақ Найза ұстап намысын қорғап қалған.
Соқпағанмен тарихқа арнап қорған, Қасқайып кек қайтарып қалмақтардан. Әр төбенің астында мыңдап қазақ Найза ұстап намысын қорғап қалған.
Ел деген ат, жер деген ат мақтаныш, Демейді ол зәмзәм суын жаттан іш. Кіндік қаның жуған жердің шалшығын Дейді: — жаудан қорғап жүріп аттан ұш. Қоңыр жазық бабам салған ат жарыс, Бейбіт күнге терің тек те тап-табыс. Елдігіңді, ерлігіңді қорға…
Қасиетіңнен айналайын адамдар, Кірпік қақпай маған тіке қараңдар. — Сырлар іздеп, сендерден де көз алмай, Көңіл алмай, шақтарым көп алаңдар. Ерке епшіл саусақсыңдар әрбірің, Сыңғырлатып шертіп тұрған жан қылын. Құйыласың көкірегіме күй болып, Еркін бойлап, бетіңде ойнап қан, нұрың.
Менің халқым сапырылысқан заманда, Батыс, Шығыс, Оң, Солынан анталап, Төрт тұстан да жау қоршаған заманда Анттас, әріптес достары сатып шатысқан. Қиян-кескі жылдарда. Монғолмен де, шүршітпен де атысқан. Қуат іздеп тұс-тұстан, Мықты, іргелі сатпайтұғын дос тапқан. Мият іздеп әр жұрттан, Тірек…
Без бүйрек табиғаттың бермесіне Көз сүзіп, түртінбекпін мен несіне? Аламын аларымды аңырмай-ақ, Аял жоқ ат байларға кермесіне.
Жаз. Дала. Бетегелі үйдің қасы. Көк бурыл желкілдейді шидің басы. Жантайған сары жоңышқа құшақ жайса, Құлын кекіл сусиды жусан шашы. Су жақта-балалар мәз жайраңдасып, Ат болып, атан болып тайраңдасып. Сағынып-қарлығаш та қалғьн болар, Аймалап, жүр төбемде амандасып.