Ел деген ат, жер деген ат мақтаныш

Ел деген ат, жер деген ат мақтаныш,
Демейді ол зәмзәм суын жаттан іш.
Кіндік қаның жуған жердің шалшығын
Дейді: — жаудан қорғап жүріп аттан ұш.

Қоңыр жазық бабам салған ат жарыс,
Бейбіт күнге терің тек те тап-табыс.
Елдігіңді, ерлігіңді қорға да,-
Тындыр, -дейді, — ақылымен батпан іс.

Сұлу таулар, сұңғыла ұзын өзендер,
Сән арттырьш самалымды безеңдер.
Асфальт жолмен, ескерткішпен жасанып,
Жасыл киім кисін дейді кезеңдер.

Қилы тарих қыр үстінде жатқандар,
Өнерімді, өрлігімді сақтаңдар.
Тірі болып тулар ұстап жүріңдер,
Дейді: — ешкімді қорғасынмен атпаңдар.
© Естеу Нүсіпбеков 1964.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четырнадцать − 12 =