Жеменей

Көк ала жар, көк тасты
Есіп аққан Жеменей.
Кішітауды көлденең

Кесіп аққан Жеменей.

Жағасында мәжнүн тал
Желпілдеген Жеменей.
Жасыл жусан желеңі
Желкілдеген Жеменей.

Шағын қала Зайсанды
Қақ бөлетін Жеменей.
Малта шағыл жарларға
Тап беретін Жеменей.

Бау-бақшалы баурайы
Тал, теректі Жеменей.
Шаруа баққан жігітін
Қалталы еткен Жеменей.

Мін таққыш жұрт қайынның
Қазығысың, Жеменей.
Шыбар тайшыл жиеннің
Азығысың, Жеменей.

Ауаң таза, суың бал,
Сағынамын, Жеменей.
Тағдырлас бір қызыңа
Бағынамын, Жеменей.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × два =