Өтті Абай жағаласып

Өтті Абай жағаласып, заманымен,
Мың құбыл, тоң мойынның амалымен.
Зәр жұтты, байланды оққа Шәкәрім де,
Жауыз қол, қара жүрек зауалымен.

Жасқанып, жаттан жүзін жалтақтатпас,
Бар екен ақиық ұл ар таптатпас.
Алашқа алғаш жарлап Бас ақынын,
Мінгізді желмая ой шорқақтатпас.

Дана ой дауыл ұрып дараланды,
Сан сақты сарсаң соғып сараланды.
Бәз бір сәт қаскөйлікпен қараланды,
Бәз бір сәт жаламен де жараланды.

Әйтсе де көнсін бе ақын далбасаға?!
Қас шындық даңғазамен алмаса ма?!
Шатыс қан, шала нәсіл шауқар керде
Жеткендей шын жүйрікке бар ма шама?!

Көшпе бұлт Күннің көзін бүркер қанша?!
Күн түгіл көп жаппады Үркерді онша…
Жарқ етіп шыға келді нұрлы шуақ,
Қанды жас кірпіктерден құрғағанша.

Сапарға жол тартты Абай Жидебайдан,
Мұхтардай бейне тауып шүйделі ойдан.
Қазаққа қайран қалды зерделі әлем,
Ішегін ішке тартып, бүйрегі ойран.

Өлеңі тау суындай құлап аққан,
Ақталды Шәкәрім де қиянаттан.
Бұл күнде иықтасып ұстазымен,

Таяудан созады қол бір-ақ аттам.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × один =