Метка білім

Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің

Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің, Жанға жылу құяды айтқан сөзің. Қан ойнаған жүзіңнен байқалады Көкірегіңде қайнаған отты сезім. Тау суындай талабың тасып тұр, ә? Діттеп тасыт, албаты асықтырма. Сайды бұзып, жарды есіп, сүрен салып, Жас қайратты жел өті…

ТҮСІНСЕ

Күдік көп, сезік те көп, үміт те көп. Дем берер қос қолтықтан жігіт Медет. Енеді бойға қуат құдірет Сенім, Қажытқан сәл сейілсе ауру дедек. Күреске шығарады мияттасың, Тағдырлас, намысы ортақ ұяттасың. Басымдық бақ, тәлейді Хақтан тілеп, Түседі қара санға, тұяққа…

Тіл маманы

Тіл маманы бірі едім торығулы, Түйтіңдеген үмітсіз, зорығулы. Ашылды өріс, алдымнан кеңістіктер, Доғарайын қысылып қорынуды. Көтерейін еңсемді төмендетпей, Көк дөненім терін ап, көбеңдетпей. «Өнер алды — қызыл тіл» деп кесеткен, Ата сөзі арнасын бөгендетпей.

ТҮРКИЯҒА ОҚУҒА ЖҮРЕРДЕ СЕРІКЖАНҒА АЙТЫЛҒАН ТІЛЕК

Дос, туыстық жол ашып, Білім іздеп барасың. Нарт жомарттай қолы ашық. Оң, солыңды шоласың. Талап, еңбек жаратып, Көкпарға еніп кетесің. Адамдықты мәре етіп, Ар-ұятппен өтесің.

Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап.

Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап, Бір ғұмыр кітапшасын алпыс қаттап. Гүл жардым алпыс көктем, алпыс жазда, Ажым сап алпыс қыс пен алпыс қатқақ. Күн, түнім ойлы өтті, өнерлі өтті. Өмірден, кітаптан да көрдім көпті. Ал мектеп – ми шыңдаған мектеп…