ТҮРКИЯҒА ОҚУҒА ЖҮРЕРДЕ СЕРІКЖАНҒА АЙТЫЛҒАН ТІЛЕК

Серикжан
Дос, туыстық жол ашып,
Білім іздеп барасың.
Нарт жомарттай қолы ашық.
Оң, солыңды шоласың.

Талап, еңбек жаратып,
Көкпарға еніп кетесің.
Адамдықты мәре етіп,
Ар-ұятппен өтесің.

Алдыңда асу тау болса,
Талаптанып талмайсың.
Қара жаның сау болса,
Қатарыңнан қалмайсың.

Бәйге атының жалына
Сен жабысып барасың.
Бәйгең — намыс, арыңа
Ауыр салмақ саласың.

Туыс Түрік елінде
Білім-құдық қазасың.
Аңқат қандыр, ерінбе,
Ішіп сусын тазасын.

Жаратушы жар болсын,
Сеніміңді серік ет.
Ата аруағы ар болсын,
Намысыңды берік ет.

Толтыр лықа, меймілдет
Ақылыңның шарасын.
Тілеуі ортақ әлеумет
Сүйсіне, ырза қарасын.

Тізгін еркі қолыңда,
Бәйгіге мініп барасың.
Ұлым, енді қорынба,
Қорынсаң құр қаласың.

Бәйгең — арың, намысың,
Намысыңды қамшыла.
Үдет атың шабысын,
Тізгін тартпай бақ сына.

Бәйге атына міндің сен,
Тақым қысам төрімде.
Мол несібең — мың күлшең,
Сақтаулы алғы өріңде.

Бәйге атына міндің сен,
Шылбыр, тізгін қолыңда.
Топ жарғанмен бір жүрсең, —
Мәртебе сол жолыңда.

Бәйге атына міндің сен.
Соқпақты алыс созасың.
Қолтықтасып құрбыңмен,
Бағың жанса, — озасың.

Бәйге атына мінген соң,
Озу мұрат жарыста.
Шаң жұқпаспен бірге өңшең
Суырыл, оз алысқа.
© Естеу Нүсіпбеков. 1999 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 + два =