Метка сағыныш

ҚОРЫНУ

Айтарымды айтқыштар айтты ғой деп, Айтып-айтып ат таңдап қайтты ғой деп. Ер мен жүген сыпырып бесті атымды, Жіберуші ем өріске «әйт, шу, әй» деп. Менің есем, несібем кеміп кепті. Ал айтқыштың өрісі кеңіп кепті. Қосамжарлау біреуге — ұсақтық деп, Қосақталу…

АР ЖАҚТАҒЫ БАУЫРҒА ХАТ

АР ЖАҚТАҒЫ БАУЫРҒА ХАТ Сен ар жақта, бауырым, мен бер жақта. Жалбарамыз Құдайға және әруаққа. Бір бабаның сақина, жүзгі едік, Кетпегейміз әр саусақ, әр бармақта. Қ а й ы р м а с ы : Сағындың онда сен мені, Сағындым…

Жерлес ақын

ЖЕРЛЕС АҚЫН (Марат Ысқақовқа) Қандай жақсы қасыңдағы жолдасың Деп жүрсе тек саған бақыт орнасын. Деп жүрсе ол қолдан қалам түсірмей, Күндіз-түні өлең мен жыр толғасын. Қандай ғажап қасындағы жолдасың Болса пікір, талғамда да қолдасың. Бөгеттерден бөгелместен өтесің, От сезімің досыңмен…

Тілеужанды іздеу

— 1 — Бума-бума мол еңбек ғылымдағы, Дайын еді жазылып бұрындары. Тең түсетін кандидат, докторлықпен, Жүзеге аспай тек қорғау ырымдары. Таңжарықтан жинаған мол қазына, Ойдан азық беретін он жазыңа. Мінгізердей жүйрікті, жорғаны да, Сала-сала жол түзеп болжамыңа. Борықтырып болдыртқан бір…

Бірінен бірі биік

Жетпіс жас — жеті кезең, жеті дәуір, Желкеме көп жүк артты: жеңіл де ауыр. Жеңілі жел өтінде желпіндірді, Ауыры арқа-жонды етті жауыр. Бірінен бірі биік кезеңдерім, Аямай алдан тосты белең-белін. Тайғақ та қия-құзды қиын жолдар Ернімнің талай көрді кезергенін.