Жерлес ақын

Марат Ысқақов

ЖЕРЛЕС АҚЫН
(Марат Ысқақовқа)

Қандай жақсы қасыңдағы жолдасың
Деп жүрсе тек саған бақыт орнасын.
Деп жүрсе ол қолдан қалам түсірмей,
Күндіз-түні өлең мен жыр толғасын.

Қандай ғажап қасындағы жолдасың
Болса пікір, талғамда да қолдасың.
Бөгеттерден бөгелместен өтесің,
От сезімің досыңмен бір болғасын.

Сондай достың бірі деп біл Маратты,
Жаны отты, жанары өткір қарақты.
Ақын етіп, азамат қып табиғат,
Оны өзгеден өзгешелеу жаратты.

* * *
Қандай жақсы, жолдасың тасып жүрсе,
Аяқты алшаң өнерде басып жүрсе.
Бірі өткен бірінен жинақтарын
Бұрқыратып оңды-сол шашып жүрсе.

Марат жетіп ширықты елу жасқа,
Былтырғыдан бұлқыну биыл басқа.
Үш толқынмен, үш қырмен, үш пернемен,
Бітіріпті ой мен тіл қара тасқа.

Маратша ойлап шешілді заттар тілі,
Маратша ашу басталды қатпарлыны.
Маратша өлшеу басталды салмақтыны,
Бағаланды Маратша тақтар құны.

Міне осындай досқа соқ қолдарыңды,
Маратша айыр, Маратша ұқ жолдарыңды,
Есейіп кел, ерте кел – жағдай қожа,
Ұмытпа тек Маратша толғануды.
© Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Жерлес ақын»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

девять − 8 =