Тау орманы
Бала кез орман тауда ойнағанмын. Асырсап әр қойнауын бойлағамын…. Қалада өнер қуып жүргенімді, Сағынып талай кеште ойнағанмын.
Бала кез орман тауда ойнағанмын. Асырсап әр қойнауын бойлағамын…. Қалада өнер қуып жүргенімді, Сағынып талай кеште ойнағанмын.

ЖАН АЗДЫРМА, ЖЕТКІНШЕК. Біраз жас қанын бұзып құтырып жүр, Айықпас ауруларға тұтылып жүр. Тән саулық, жан саулықтан сақал сипап, Ақылдан жүген ұстап ұтылып жүр. Не нәрсе тәнін бұзған, жанын бұзған? Сұйылтып қою күрең қанын бұзған. Адамдық қасиеттерден жалаңаштап, Қандай күш…
Аз пысық әлі бейғам жіктеліп жүр, Алшысыз, тәйке, бүксіз, шік келіп жүр. Уымен бақастықтың ми зақымдап, Ұлттық ой, санадан үптеліп жүр. Жасайды ағаға іні айла сауда, Баласы әкесіне салмай сауға. Күндестік ала мысық ішін тырнап, Сарыарқа ит қосады Алаутаға.
Дос, туыстық жол ашып, Білім іздеп барасың. Нарт жомарттай қолы ашық. Оң, солыңды шоласың. Талап, еңбек жаратып, Көкпарға еніп кетесің. Адамдықты мәре етіп, Ар-ұятппен өтесің.
Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты. Әркімде ақ жем қақтырар шырға мықты. Тік тұрар төбе шашың, жүрек айнып, Көргенде сырғақ жүріс зырлауықты. Қасыңда ол, тасың өрге домаласа. Мәртебе, мереке — сен оған қоса. Жүреді жинасып та жүген-ноқта, Атыңды аржақтан кеп…
Ақылымды “әй” дерім, Сезімімде “қой” дерім — Бірім-Барым болмаса, Мұсылманмын қай жерім?! Ақылыма арыз көп, Өтелмеген қарыз көп. Өмір бойғы бес намаз Мойында тұр парыз боп.