БАҚАС ҚАС

Аз пысық әлі бейғам жіктеліп жүр,
Алшысыз, тәйке, бүксіз, шік келіп жүр.
Уымен бақастықтың ми зақымдап,
Ұлттық ой, санадан үптеліп жүр.

Жасайды ағаға іні айла сауда,
Баласы әкесіне салмай сауға.
Күндестік ала мысық ішін тырнап,
Сарыарқа ит қосады Алаутаға.

Сумақай, заң бақылап Қызыл Түлкі,
Апталған да күптелген жайнап мүлкі.
Арыстан, Арлан Қасқыр тергейді оны,
Былайғы момын халық үрпі-түрпі.

Тас бітеу ізгілікке керт құлағы,
Апатқа аттам жерде соқтырады.
Қастастық қапы тауып, жым жасырып,
Мұстафа Өз Түріктей мерт қылады.
© Естеу Нүсіпбеков.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

2 ответа к «БАҚАС ҚАС»

  1. Иә, Нұржамал, дұрыс айтасың. Қазір адамдар тіпті ұсақталып кетті. Айналдырған 10 млн қазақ бірін-бірі құртып тынбаса болды…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

14 − 1 =