Өмір! Сенде барады есем кетіп

Өмір!
Сенде барады есем кетіп,
Шөгеріп-ақ жібердің мешелдетіп.
Көңіл орта, толмай жүр ыдысым да:
Ернім жырық секілді,
Кесем кетік.

Талант сарқып селдетіп
Таса алмадым.
Күн көрістің қамынан аса алмадым.
Жарау күйде
Жарыста жүрмеген соң.
Күннен күнге көбеңсіп тосаңдадым.

Еңсемді езіп жіберді күйкі тірлік,
Запырандай қыжылдап кеуде кілкіп.
Көңіл-көлдің жағасы құлазып тұр,
Шабыт біткен кеткендей құс боп үркіп.

Үйде әйел шығарса ірге бүлік,
Надан завуч мектепте ми кеміріп,
Ынтасыз шәкірттерден…
Жүйке тозды.
Отыра алмадым үстелде
Бір лепіріп…

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 × четыре =