Жаз өлеңді бұрқыратып
Дегбірім кенет мазаң, кенет тозаң, Желкеден төнгендей-ақ қамшы созаң. Жүзімнен ойнаған қан оңып тарап, Бүркейді орнын жібек шілтер бозаң. Самарқау, марғау боймен шыбындатпай, Ұйтқиды құйын сезім бұғып жатпай. Ізінше табаға сап шыжылдатып, Түйсік-шоқ шыжғырады қуырдақтай.
