Бұқара Тышқанбаев әруағымен тілдесу.

Бұқара Тышқанбаев

Естімей бір мадақ сөз мейір қанды,
Кеттің көрмей жақсы күн, жақсы таңды.
Тигені жоқ сыбағаң, толық еншің,
Өткізсең де басыңнан талай даңды.

Ұзақ аңыз кешірген — арғың, бергің,
Тарғалаң жол, тар кезең ауғын, келгін…
Сонда да сен «Қасен мен Жәмиладай»
Таусылмайтын махаббат әнін бердің.

Бұл күнде Алтай, Боғда арасында,
Манас сырты Қарамай даласында,
Қайта шырқап, «Қойшы әні» қайта туды,
Бөке, тұрып, сәл құлақ саласың ба?

Іздеп келді «Шұғылаң» шекара аттап,
Қызу құшақ сағыныш өлең сақтап.
Бөке, бір сәтке кеп көріп қайтшы,
Омарғазы Айтаннан дастан жаттап.

Өлгеніміз тіріліп, өшкен жанды.
Қайта ақтадық үш әріп өш болғанды.
Таңдақ-таңдақ тарихтан көмбе ашылып,
Атан, нар — алыптарға көш жалғанды.

Өшкен жанып, тірілді өлгеніміз.
Қиянаттан құтылды ерлеріміз.
Бөке, Мағжан, Ахметті оқып қайтшы!
Аз екен ғой, аз екен көргеніміз!

© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к «Бұқара Тышқанбаев әруағымен тілдесу.»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

1 × четыре =