Метка Аллах

Жебеушім

Бойға күш, ойға қуат ес беретін, Састырмай сабырыма сес беретін, Кез келген көлігіне мінсем, түссем, Дем берер жебеушім бар дес беретін. Сақтады Ол таудың селі тасқыннан да, Дүрліккен дүрбелеңді басқыннан да. Сақтады Ол арашалап ауыр дерттен, Жібермей құрықтауға, асқынғанға.

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?!

Сұқ көз аз ба ту сырттан қадалмаған?! Сұқ сөз аз ба асымды арамдаған?! Мың сүрініп, мың тұрып аман қалып, Сұқ көзге де, сұқ сөзге арандағам. Бұл күнімде бәрі ұмыт, даңғылдамын, Қаңқудың да ұмытқам қаңғырларын. Үлкен кінә — жігерді құм қылғаным,…

Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой

Қам көңіл, қам сүт емген пендемін ғой, Тәлімсу, тәйтіктіктен кендемін ғой. Сойқанды сүрең күнді, сұрапылды Тіпе-тік белдеспей де жеңгемін ғой. Кім білсін? Алғы күндер не береді? Бәйгі атым әлде көкпар өңгереді. Жел қуып жеткізбейтін әңгелегі Тәрізді қуалатар әлденені.

Қадірлейік бар ісін қасиеттеп

(Елбасының Жолдауынан туған ой) Көш өрлету оңай ма, — көлікке күш. Мың ауысып, миласар өң менен түс. Көк доңғалақ қайда бар ылғи өрге Тосқауылсыз, бөгетсіз дөңгелегіш?! Қайрат, қажыр ақылға иін артпай, Алдан сенім арқан сап сүйреп тартпай, Қақпатасқа қақтықсақ, жүк…