Ақылымды “әй” дерім,
Сезімімде “қой” дерім —
Бірім-Барым болмаса,
Мұсылманмын қай жерім?!
Ақылыма арыз көп,
Өтелмеген қарыз көп.
Өмір бойғы бес намаз
Мойында тұр парыз боп.
Көбейтсем де күнәмді,
Ешкімге артпан кінәмді.
Үкілеймін ісімді,
Бір Аллаға ұнамды.
© Естеу Нүсіпбеков