Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай

уайым, налу
Жүрмін-ау жүрек жара қуана алмай,
Ел танып еңбегімді – жұбана алмай.
Дөп сыйлап артық-кемсіз сыбағамды,
Бір тосын бақыт күнім туа қалмай.

Аз болмай арман-қырғи алысары,
Ой биік самғар еді алыс, ары…
Бесінші белесімде тағдыр таптым
Анда да, мұнда да емес,
Әрі-сәрі.

Құр қолмын еленуден, атақтан да,
Даңғаза дау-дабыра шатақтан да.
Отырмын тұлдай ұстап талант атын
Бестідей таң асырған матап таңға.

Кеш қалдым
Жүйіріктермен жарыса алмай,
Алысар кезде жөндеп алыса алмай.
Ақ шаңқан бәйге емес деп сөкпе, жұртым,
Өнерді сыйлаушы едім Намыс, Ардай.
© Естеу Нүсіпбеков 1987 жыл.

Один комментарий

  1. Өнерді сыйлаушы едің Намыс, Ардай,
    Қаблетті-ең әркіммен қағысардай.
    Нағашымен өзіңдей Алатаудай,
    Қалғаным-ай тірлікте табыса алмай…

Ответить

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *