Метка бірлік

Ағалы

Түзде ешкім тиіспейді ағалыға. Қосады қара құндыз жағалыға. Қосады қыста мұздан таймайтұғын, Ал жазда тасырқамас тағалыға. Кеспейді жолын ешкім ағалының, Санатты бірі санап бағалының. Текешік мұрындарды қытықтайды, Жұпары желдей есіп самалының.

ҚОРЫНУ

Айтарымды айтқыштар айтты ғой деп, Айтып-айтып ат таңдап қайтты ғой деп. Ер мен жүген сыпырып бесті атымды, Жіберуші ем өріске «әйт, шу, әй» деп. Менің есем, несібем кеміп кепті. Ал айтқыштың өрісі кеңіп кепті. Қосамжарлау біреуге — ұсақтық деп, Қосақталу…

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Қайғы артқан Қазақ Жері! Шыдамдысың. Жатқа сыр алдырмайсың — Мың аңдысын. Шарқ ұрып шүйіледі аспанында, Тас түлек перзенттерің қыран мүсін. Қайыспас Қазақ Жері! Қастерлісің. Қызырлы, құтты, ырысты ас бергішім. Кемелді ұл, керім қыздан әзірлейсің, Кешенді кен орныңның тас көргішін.

Сый сауға

Құр қоймапты тас тағдыр Ғайып кенде: Кемем жүзді Атырау, Жайықпен де. Олжа артқызды арқама. Жаңа ғасыр! Сый-сауғамды атасам айып етпе: Басты сыйым — ақ пырақ Азаттығым, Еркін елге бас ие қазақтығым. Екі жүзден асатын жұрттан қалмай, Тәркі еткенім бодандық азап…

БОСАҒАН АРҚАУ

Ағайынға ағайын жат болар-ақ, Қайыр-мейір азайып сап болар-ақ. Сертте тұрмас, селт етпес, иіс алмас, Сергелдеңге мына жұрт тап болар-ақ. Қорқынышым менің тым көбейгендей, Жорықсыздық жолы тым кеңейгендей. Әже өлген күн үйленген қызды көріп, Көк өгізі үміттің шөмейгендей.

БАҚАС ҚАС

Аз пысық әлі бейғам жіктеліп жүр, Алшысыз, тәйке, бүксіз, шік келіп жүр. Уымен бақастықтың ми зақымдап, Ұлттық ой, санадан үптеліп жүр. Жасайды ағаға іні айла сауда, Баласы әкесіне салмай сауға. Күндестік ала мысық ішін тырнап, Сарыарқа ит қосады Алаутаға.