Метка бірлік

Қасиетіңнен айналайын адамдар

Қасиетіңнен айналайын адамдар, Кірпік қақпай маған тіке қараңдар. — Сырлар іздеп, сендерден де көз алмай, Көңіл алмай, шақтарым көп алаңдар. Ерке епшіл саусақсыңдар әрбірің, Сыңғырлатып шертіп тұрған жан қылын. Құйыласың көкірегіме күй болып, Еркін бойлап, бетіңде ойнап қан, нұрың.

Менің халқым

Менің халқым сапырылысқан заманда, Батыс, Шығыс, Оң, Солынан анталап, Төрт тұстан да жау қоршаған заманда Анттас, әріптес достары сатып шатысқан. Қиян-кескі жылдарда. Монғолмен де, шүршітпен де атысқан. Қуат іздеп тұс-тұстан, Мықты, іргелі сатпайтұғын дос тапқан. Мият іздеп әр жұрттан, Тірек…

Келіндерім

Ырыскүл мен Мұхсина — келіндерім, Ене көріп тон пішкен керімдерім. Табасыңдар әр тілін кәрі, жастың, Алдарыңда сый, иба төріндемін.

Қанаттарым

Ермек, Еркін, Ерлан, Беглан — қанаттарым, Жас топшылы құстарым, жанаттарым. Бір жүргенге туыстар не жетеді?! Сыйлар ағаң тұрса алда — санаттарың.