Келіндерім

Ырыскүл мен Мұхсина — келіндерім,
Ене көріп тон пішкен керімдерім.
Табасыңдар әр тілін кәрі, жастың,
Алдарыңда сый, иба төріндемін.

Жылытады қарт жанын ізеттерің,
Қас-қабаққа қараған күзеттерің.
Бөтенсімей адамды атаңды іздер,
Бар мәзірмен дастарқан түзеткенің.

Порымдарың кем емес, көріктерің,
Аршын адым ілгері еріктерің,
Көз тартады сөзге, іске беріктерің,
Мықтымсиды сендермен серіктерің.
© Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

20 − 3 =