Тау Барыс бейне өз Елім,
Ғаламдық өрлеу кезеңін
Көздетер келді кезегің.
Шарықтап Көк Ту төбеңде.
Шалықтап көңіл дөненің,
Шапшыды көкке өзенің.
Қарышты қадам өз Елім,
Өтпелі жылдар кезеңін.
Байыпты аттап тып-тыныш,
Тасыттың табыс өзенін.
Көкезу мылжың, бақасқа
Тергіздің өсек-тезегін,
Өртедің өрттей өзегін.
Қандасым, қара қазағым,
Қайнады жаңа қазаның,
Түзелді жаңа азаның.
Алыс та жақын шет елдің
Көз жауын алып мұнайың,
Ауыздарын тамсантты
Уылдырық — сазаның.
Елбасым, ерім, еренім,
Өзіңе ұқсап өренім
Өскенін көріп келемін.
Қарадан шыққан қыраным,
Алымды, зерек, аңғарлым,
Ақылың терең,
Бойламас
Қиялы ханның, төренің.
Жасадың жаңа Елорда,
Нұрлантып Есіл жағасын.
Ерен де ерен ерліктің
Арттырдың шұғыл бағасын.
Айқұлақ алып елдерге,
Алкеуде кербез кердеңге
Аңқита ауыз аштырдың,
Ұстаттың аң-таң жағасын.
© Естеу Нүсіпбеков
[…] төбесі – Егемен Ел кемесі. Бет түзеген Ғарышқа Астананың […]
[…] жарыстарға, Сөрені соза ұзартып алыстарға. Болады Қазақстан Барыс-Отан, Сүйеніп өздеріңдей […]