Сар желеді Сағыныш Сарыкермен,
Сарыкерді сүзілтіп сары желмен.
Суырардай сары күз сары шөпті,
Созғылайды сабырсыз әбігермен.
Қаңбақ қырда жортады қалбаң-қалбаң.
Түйеқарын жарысып жалбаң-жалбаң.
Сары сиыр сай жақта мөңірейді,
Тұмса туып қосылмай малдан қалған.
Сырт жағымда — сарын күй саба піскен.
Жаңылыссыз жүріп тұр санағы іштен.
Қытықтайды танауды қымыз исі,
Аңсатқан көп айнымай көрген түстен.
© Естеу Нүсіпбеков