Метка әке

Ехх-х-х, бір кем дүние десеңші…

Әкемнің сайтына еш мақала салынбай, бұл жерге ат ізін бұрмағаныма да біраз уақыт болыпты… Адамы көшіп кеткен, күтімі жоқ, қаңырап бос қалған үй сияқты болып көрінді көзіме. Сол қойған заттар сол жерінде қалған, шаң басып кеткен, үйге кірген адам ізі…

Ағалы

Түзде ешкім тиіспейді ағалыға. Қосады қара құндыз жағалыға. Қосады қыста мұздан таймайтұғын, Ал жазда тасырқамас тағалыға. Кеспейді жолын ешкім ағалының, Санатты бірі санап бағалының. Текешік мұрындарды қытықтайды, Жұпары желдей есіп самалының.

ТҮРКИЯҒА ОҚУҒА ЖҮРЕРДЕ СЕРІКЖАНҒА АЙТЫЛҒАН ТІЛЕК

Дос, туыстық жол ашып, Білім іздеп барасың. Нарт жомарттай қолы ашық. Оң, солыңды шоласың. Талап, еңбек жаратып, Көкпарға еніп кетесің. Адамдықты мәре етіп, Ар-ұятппен өтесің.

Көлік-дене көк танау қажығандай

Көлік-дене көк танау қажығандай, Білеу-білеу сіңірлер сазығандай. Күннен-күнге азайып әл-дәрмені, Алқынады керіліп жазыла алмай. Шыққан екем, қайтейін, көп жүк артып! Шамадан тыс жүйкемді бек жұқартып. Өкпе-назың көк тиын замандасқа, Пақыр бар ма сөз ұғып, текті ұғарлық?! © Естеу Нүсіпбеков

ОСПАҚ (Өкшебасар тұстастарыма)

ОСПАҚ (Өкшебасар тұстастарыма) Әнебіреу сорайған, Мансап іздеп зорайған, Зейнеткерге пайдасыз Сәлем берсін қалайдан?! Әнебіреу тылтиған, Қозы қарны бұлтиған, Жүрген шығар үй кезіп, Бөтелке іздеп қылтиған.