ОСПАҚ (Өкшебасар тұстастарыма)

ОСПАҚ
(Өкшебасар тұстастарыма)

Әнебіреу сорайған,
Мансап іздеп зорайған,
Зейнеткерге пайдасыз
Сәлем берсін қалайдан?!

Әнебіреу тылтиған,
Қозы қарны бұлтиған,
Жүрген шығар үй кезіп,
Бөтелке іздеп қылтиған.

Әнебіреу сары бас,
Әзіл, оспақ дарымас,
Кәйіптықтан айықпай,
Жүрген шығар әлі мас.

Әнебіреу жалтыр бас,
Хабар-ошар қалдырмас,
Тапқан шығар таз, қотыр,
Қыршаңқыны жал тұрмас.

Әнебіреу жыпылдақ,
Сауысқандай сыпылдап,
Жан-жағына жалтақтап,
Жүрген шығар қыпылдап.

Әнебіреу дарылдақ,
Сөз жемейтін дарылдап,
Кетті дейді семіріп,
Болардай-ақ жарылмақ.

Әнебіреу жай басар,
Ет жегішсіп майды асар.
Ұмытқан-ақ ағасын
Ақылына ой қосар…

Санап қайтем, мінездеп?!
Жүрсіңдер ме күйездеп,
Келсеңдерші хал сұрай,
Ауру шалға сиездеп!..
1998 жыл, © Естеу Нүсіпбеков

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

пять × три =