Метка ұрпақ

Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің

Талап — көлік, бозбала, талғам — көзің, Жанға жылу құяды айтқан сөзің. Қан ойнаған жүзіңнен байқалады Көкірегіңде қайнаған отты сезім. Тау суындай талабың тасып тұр, ә? Діттеп тасыт, албаты асықтырма. Сайды бұзып, жарды есіп, сүрен салып, Жас қайратты жел өті…

Ағалы

Түзде ешкім тиіспейді ағалыға. Қосады қара құндыз жағалыға. Қосады қыста мұздан таймайтұғын, Ал жазда тасырқамас тағалыға. Кеспейді жолын ешкім ағалының, Санатты бірі санап бағалының. Текешік мұрындарды қытықтайды, Жұпары желдей есіп самалының.

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Қайғы артқан Қазақ Жері! Шыдамдысың. Жатқа сыр алдырмайсың — Мың аңдысын. Шарқ ұрып шүйіледі аспанында, Тас түлек перзенттерің қыран мүсін. Қайыспас Қазақ Жері! Қастерлісің. Қызырлы, құтты, ырысты ас бергішім. Кемелді ұл, керім қыздан әзірлейсің, Кешенді кен орныңның тас көргішін.

Сый сауға

Құр қоймапты тас тағдыр Ғайып кенде: Кемем жүзді Атырау, Жайықпен де. Олжа артқызды арқама. Жаңа ғасыр! Сый-сауғамды атасам айып етпе: Басты сыйым — ақ пырақ Азаттығым, Еркін елге бас ие қазақтығым. Екі жүзден асатын жұрттан қалмай, Тәркі еткенім бодандық азап…

БОСАҒАН АРҚАУ

Ағайынға ағайын жат болар-ақ, Қайыр-мейір азайып сап болар-ақ. Сертте тұрмас, селт етпес, иіс алмас, Сергелдеңге мына жұрт тап болар-ақ. Қорқынышым менің тым көбейгендей, Жорықсыздық жолы тым кеңейгендей. Әже өлген күн үйленген қызды көріп, Көк өгізі үміттің шөмейгендей.

БАҚАС ҚАС

Аз пысық әлі бейғам жіктеліп жүр, Алшысыз, тәйке, бүксіз, шік келіп жүр. Уымен бақастықтың ми зақымдап, Ұлттық ой, санадан үптеліп жүр. Жасайды ағаға іні айла сауда, Баласы әкесіне салмай сауға. Күндестік ала мысық ішін тырнап, Сарыарқа ит қосады Алаутаға.