Метка ұрпақ

Қақпадан шығып қарасам

© Естеу Нүсіпбеков Қақпадан шығып қарасам, Кеңиді ғажап тынысым. Жадырап жаным орасан, Жазылып бойдан құрысым. Ағылған жұртты көремін, Көлікті және жаяулы. Егдеге сәлем беремін, Жарқын жүз, жаны аяулы. Мектептен қайтқан баланың Наз үні желпіп сергимін. Ақ самай, ақ шаш ананың…

ӘР ЖАҚСЫНЫҢ ҚАСЫНДА

Жақсы тұрмас өз елін елеңдетпей, Сергек ұстап, сананы, көбеңдетпей. Қартайса да қартаяр жол-жөнімен: Ақыл-ойын биіктен төмендетпей, Пендешілік ындынын шеменді етпей. Мәуесі мол, тұратын қолың жетпей, Жасартпай ол тұрмайды, елендетпей. Желіспен де желпінтер, жорға айдатар, Шардақ ойлы шабанмен тепеңдетпей, Шаркез, сынғақ…

Нағыз ер

Нағыз ер: аршынынан талмағандар, Саудаға ар-ұятын салмағандар. Қатарды аяғынан шалмағандар, Озғанды түп етектен алмағандар. Нағыз ер: теңтұсына тараймаған, Артынан жеткендерге алаймаған. Өз жолын, өр-еңісін абайлаған, Бақ-тәлей басқада артса қараймаған…