Бұл заманның пысығы
Таза талант мыңнан бір, Жазбай танып құшып қал, Көлегейлер жанында далбаса бар ұшықтар. Далбасамен талантты лайлайды пысықтар, Абай айтқан пысықты алпыс орар пысық бар.
Таза талант мыңнан бір, Жазбай танып құшып қал, Көлегейлер жанында далбаса бар ұшықтар. Далбасамен талантты лайлайды пысықтар, Абай айтқан пысықты алпыс орар пысық бар.
(Ұлағатты ұстаз Естеу Нүсіпбековті еске алу) Артында өзі кетсе – сөзі қалар, Сөзінен кейінгі ұрпақ сезім алар. Асылдың жоғалмайтын болмысындай Ақынның ізделетін кезі болар.
Түзу ұстап ұстаздық бағытыңды, Ұстаздық пен қатар, өлең ойлар ағытылды. Жан ұяңды жарың мен бала өсіріп, Ер жетіп ұлдарың, немере сүйгізіп жаның тынды.
Армысың, Жиырма бір — Жаңа ғасыр! Ойлы-қыр кешкенмін мен ұлан-асыр. Сан қилы тәлкектенген тағдырымның, Құлақта дүбірі тұр асыр-тасыр.

Томпайып бейіт қалды белең қырда, Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға. Білген жоқ бірақ ана сол ұлының, Боларын құмар өрен өлең-жырға.
Көген көз емессің сен, Келер ұрпақ! Тұрпатың көз қармайды сырлы сымбат. Өңменнен оқ өткізе Тік қарасаң: Жайнаған жанарың – от, жүзің – нұр, шат.