Ана жайлы елес шумақтар

анашым

Томпайып бейіт қалды белең қырда,
Мұра қып қолау құба көбеңді ұлға.
Білген жоқ бірақ ана сол ұлының,
Боларын құмар өрен өлең-жырға.

Өлең-жыр құмар етті, ынтық етті,
Ізгілік ұрықтарын күн-түні екті.
Жанымның қоңыр күнгей шатырында,
Мейірім көгершінін уілдетті.

**

Жан тыныш, бейнеті аз күй көрмеді,
Бала үшін ешкім оған сый бермеді.
Азабы, тозағы да көп қоғамда
Жемісімді жеп менің үлгермеді.

***

Ақтармын ана сүтін қайткенде мен?!
Күйдірер тал бойымды өрттей дәмем.
Жүрсем де арман қуып, өнер сайлап,
Әлі де бола алмадым атақты адам.

****

Жан сарқып жазсам да өлең жатпай-тұрмай,
Қайсысы бар ана сүтін ақтайтындай?!
Қайсысы туған ұлдан ескерткіш боп,
Қайсысы ана атағын сақтайтындай?

*****

Ақтау ол ана сүтін қандай болмақ?
Қоямын ол жайлы да ойлар толғап:
— Күмбез бе күмбір қағып көк тірейтін?
— Мүсін бе тастан, жезден құйған арнап?

— Тарихқа ұрпақ жазар атыма әлде,
Жан тербеп жаңғыртқандай ән, күй толғап?
— Бастайтын балаларын нұрлы ақыл ма,
Жол нұсқап болашаққа тұрар жайнап?

Бірі жоқ менде мұның мақтанғандай,
Пәленді тындырдым деп мақтанғандай.
Тұрамын төмен қарап ана алдында,
Ар, ұят іштей күйреп сақтанғандай.

******

Қарызым мойныма артқан қабат-қабат,
Күтеді ар өтеуін етпей тағат.
Ұятым түгендейді күніне екі,
Өргізген, қорлаған қойдай санап.

Анамның алдына жүз әкеледі,
Ақтарып дәптерімнен қоймай парақ.
Ақтыққа, адалдыққа жетелейді
Сүйекке сүтпен біткен қайран сант.

*******

Көнбіс анам, момыным, ұяңым-ау,
Секілдісің оқусыз зиялылау.
Жеңге деуші ем өзіңнен туа тұра,
Болғанымба, япырау, қиялилау?!

Ата-енеңді сыйладың, қас-қабығын.
Таза ұстадың шынысын, ас табағын.
Бәрін-бәрін ойласам бұл шағымда,
Сенің ұяң бейнеңнен жасқанамын.

Ұяламын, ізеттім, әруағыңнан,
Қаумалайтын тек үнсіз жан-жағымнан
Сен ұстаған кесте біз, тұс киіздер,
Айналтады бал тамған бармағыңнан.

Қой тұратын ақ түбіт қалпақтарың,
Оны киіп мен талай шалқақтадым.
Әттең, бірі болса елге көрсетер ем.
Завод қалпақ соңында қап салпақтарын.

© Естеу Нүсіпбеков

Суретте:  Естеудің анасы Қайыпжамал апаның сіңлісі — Рәбиға апа.  Рәбиға апа — Мұхамеджан Жақаевтың нағашы апасы.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

44 ответа к «Ана жайлы елес шумақтар»

  1. Анаңыздың иманы жолдас болып, жаны жәннатта болсын. Көре алмаған қызығын немере-шөберелері көрсін. Өткен күндерде жіберген қателіктерге өкініп, қатты қайғыруға да болмайды, ол да Аллах тағаланың жіберген бір сынағы. Қатты қайғыра бермей, алдыңғы күндерге үміт артып, қиыншылыққа төзе біліп, Аллах тағаланың сынағынан өте білсең, алдыңнан әлі талай қуаныштар мен жақсылықтар шығады. Соны түсініп, шүкіршілік ете біл. Өтіп кеткен аруақтарға арнап құран бағыштап отырсаң, соның сауабы анаңызға тиеді, көр азабынан сақтап, анаңыздың жанын жәннатқа жеткізеді…

  2. Анамды катты сагындым, ак сутынды актамадым. больницада жаткан анама каитатыннан быр жарым сагат бурын звондап жагдаиын сурап едым, кубырлеп жауап бере алмаи тур екен, мен -туу мама неге соилесе алмай жатсын, уйыктап турш, сосын соилесемыз. уйыктап турш.
    деп едым. сол уйыктаганнан турган жок.
    озымды озым жеим алы, неге тагы соилеспедым, неге больницага жыберып жатканымда суйып суйып алмадым.
    ышымдегыны ешкымге аита алмаим, мен тагы жазам.
    анамнын каитканына 23 кун болды
    жасым 36 да болсада алы бала екенмын, аиелым екеумыз уйде ненын кайда екенын былмеиды екенбыз, анамызга сенып калганбыз.

  3. Салеметсіздерме! Барлықтарының қайғыларыңа ортақпын.Түсінемін,меніңде осыдан 3 жыл бұрын өмірден бауырым,əкем дүниеден өткен. Арман деген артымыздан ерген жалғыз ұл еді 24жаста еді,онын қайғысын көтере алмаған əкем 1жылдан кейін өмірден өтті. Сол күндерден бері анам,2əпкем қалдық. Жанымыз қиналады қайтеміз өмір күн санап өтіп келеді,бірақ ішімдегі мұң қайғы жанымды жеп барады. Əкемнин қара қызы едим сағындымғой папа,Арман. Өмірдін қиындығы осы екенғой

  4. Әр адам анасының, әкесінің, туған туыстарынның қасында болғанын қалайды. Бірақ сұм ажал ертелі кеш айтпай келіп алып кетеді. Бұл өмірде барлығы Жаратушы Алла тағаланың қолында. Бұған дәлел кеше ғана сөйлеп, бала-шағасына немерелерін қарайласып жүрген енем, яғни құдай қосқан қосағымның анасы, мен ол кісіні мама деп атайтынмын аяқ асты ойламаған жерден айрылып қалдық. Міне айрылып қалғанымызға 20 күн болсада әліде жаным қиналады, қимастық сезіммен бұл түсім шығар ол кісі қасымызда әлі жүрген сияқты болып көрінеді. Менің мамама келін болғаныма не бәрі он бір жыл болды. Осы 11 жыл ішінде мамамның аузынан тек САУ БОЛ, БАҚЫТТЫ БОЛ деген сөздерін ғана естідім. Ол кісі маған келіні ретінде емес, қызындай қарады, баласы маған қатты сөз айтса неге сөйлейсін келіннің жазығы не деп, мені қорғаштайтын. Жаны қиналып бір жері ауырсада ешқайсымызға білдірмейтін, біреуге ренжіседе ішінде сақтап қалатын, кек сақтамайды, сондай мінезі жайдарлы кісі болды. Мамамды қатты сағындым қайта көргім келеді.
    Қайран мамам-ау,арманда кеткен.
    Төр жапсарын ояйын,
    төргеде сандық қояйын,
    Төредей болған мамам-ау,
    орныңа кімді қояйын.
    Қайыңнан жапқан күрегім-ай,
    қайырлы болды жүрегім-ай.
    Қайырлы жүрек жазылар-ау,
    мамам бір қайдан табылар-ау.
    Мамам бір менің берекем,
    ұялы терек көлеңкем.
    Асқар таудай мамам- ау,
    орныңа кімді қояйын.
    Мамам бір менің терегім-ау,
    ағайынға керегім-ау.
    Ішінде мыс сырты алтын,
    құлады менің тірегім-ау.
    Керегім менің сыңарыма,
    мамам қайтып тұрама.
    Ұятынан ор қаздым,
    қамшыда бойы зор қаздым.
    Мамамыздан айрылып,
    жасаған Алла не жаздым.
    Мамам менің қандай еді,
    шыныға құйған балдай еді.
    Арманда кеткен мамам-ау.
    Тауғада шыққан кекілік,
    тасқада шықтым секіріп.
    Арманда кеткен мамам-ау,
    көре алмай қалдым-ау өкініп.

  5. Әр адам анасының, әкесінің, туған туыстарынның қасында болғанын қалайды. Бірақ сұм ажал ертелі кеш айтпай келіп алып кетеді. Бұл өмірде барлығы Жаратушы Алла тағаланың қолында. Бұған дәлел кеше ғана сөйлеп, бала-шағасына немерелерін қарайласып жүрген енем, яғни құдай қосқан қосағымның анасы, мен ол кісіні мама деп атайтынмын аяқ асты ойламаған жерден айрылып қалдық. Міне айрылып қалғанымызға 20 күн болсада әліде жаным қиналады, қимастық сезіммен бұл түсім шығар ол кісі қасымызда әлі жүрген сияқты болып көрінеді. Менің мамама келін болғаныма не бәрі он бір жыл болды. Осы 11 жыл ішінде мамамның аузынан тек САУ БОЛ, БАҚЫТТЫ БОЛ деген сөздерін ғана естідім. Ол кісі маған келіні ретінде емес, қызындай қарады, баласы маған қатты сөз айтса неге сөйлейсін келіннің жазығы не деп, мені қорғаштайтын. Жаны қиналып бір жері ауырсада ешқайсымызға білдірмейтін, біреуге ренжіседе ішінде сақтап қалатын, кек сақтамайды, сондай мінезі жайдарлы кісі болды. Мамамды қатты сағындым қайта көргім келеді.

  6. Менде анамнан ерте айырылған бейбақ жанмын!ех шіркін анам болса бәрі басқаша болушыеді!анамды іздеп сағынамын!

  7. Есейсемде ансатады алаканы аялы
    Еске салып саби кунди баягы
    Айналайын деген созин журегимде анашым,
    Манги калды!!!
    Анашымнан айырылып,
    Кормегели 22 кун болды
    Жиналганда артык калып бир орын
    Батады екен арамызда жоктыгын
    Кунине бир рет мама анашым деп хабарласуды умытпагайсыздар достар, замандастар

  8. Аллдан анама амандык,денсаулык, тилеимин. Сагынып журмин.

  9. Ана деген асыл,мейырымды,шуагын шашкан ерекше жан!Анамыз дуниеден откеныне19жыл болса да,куны кешедей коз алдымнан кетер емес!Уакыт емшы дегег бекер соз))))
    Шіркін анам бір сәтке оралып кушагына енсем!Өзім 4 баланын анасы болсам да,ет журегым елжыреп анамды сагынып егіліп аламын!Анасы барлар бакытты!!!Сондыктан кадырлей былсе екен!!!

  10. ата-анамыз ең жаныңы жақын жандар,бәрімізде бар кезінде бағалай алмадық,өкініштен өзегіміз өртенеді бар қолымыздан келері құран бағыштап,дұға оқып жандарының жәннәттан болғанын тілейік.Балаларымызға айтып отырайық қандай жақсы адам болғандарын кеінгі ұрпақ ұмытпасын!

  11. Аса камкор ерекше мейиримди АЛЛАХ тын атымен бастаймын. Биринши анага, Екинши анага,ушинши анана содан кейин барып акеге деген пайгамбарымыз с.а.у. Жаннат аналардын аягынын стында деген. Кудайга Мында Бир Шукир анамнын касымда жургенине. Рас куйбин тиршиликпен журип, немесе озим аке болсамда еркелеп салмак тусирип жатамыз. Акенин кадирин балалы болганда билесин деген, мен акемди сагындым. АЛЛАХЫМ акемнин жанын жаннаттык кыла гор.

  12. менің анамның қайтқанына аз уақыт өтті. Налимын,жылаймын,сағынамын,бір сәт өзімді жазғырамын,жұмыс-жұмыс деп көп көңіл бөле алмадым.Менің анамдай ана бар ма, білмеймін, бірақ менің анам АЛТЫН адам,себебі оның бізді қалай тәрбиелегенінен білемін.Алла тағала бір сәт мүмкіндік берсе қасында болуға, барлық жағдай жасауға даяр болар едім.
    Шіркін АНАШЫМ, не істей аламын,тәңірдің жазғанына. Жатқан жерің жарық болсын, жаның жәннәттан болсын.

  13. Курметти окырмандар амансыздарма?менде асыл анам ардакты анамнан караша айында ойда жокта айырылдм.Отасы сатсиз болды.Оган озимде киналимин.Аттен бари бари кеш окинем озегим ортенеди.Жаным еди,момыным еди.Озимде 3кыздын анасымын.Сондада акымакпын,акылсыз екенмин.Адамдар аналарынды кадирлендер ар арекетине мукият болындар.Денсаулыгы биринши орында.АНАЖАНЫМ МЕНИН АР ИСТЕГЕН ИГИ ИСИМ СИЗ УШИН СИЗГЕ САУАПКА ЖАЗЫЛСЫН.КАТТЫ САГЫНДЫМ.

  14. wirkin osi aitip otkandarindi kazirgi jastarimiz tusinsegoi ananin kadirin balali bolgasin tusinesin demima ata babalaeimiz brak kobimiz ananin kadirin analarimiz bul omirden ketkesin tusinip jatamiz brak ol uakitta kew bolip ketedi allaga sansiz wukir wilik ata-anamnin barina sondiktan ata-anamiz kastarimizda kezinde kadirin tusinik dostar

  15. Анасынан айырылган бауырларым мен сендердин жан дуниелеринди жаксы тусинем Ана ол алладан кейнги асыл соз аркашан аналарымыз аман болсын Алла тагала озинин суйген кулдарына гана осындай киын сынакты береди екен Бул жалган дуниеде осы берген сынагыма тозема жокпа деп Биреудин анасы ерте биреудики кеш кетеди омир болгандыктан тозермиз Аналарымыз аман болсын

  16. Ана деген асыл сөз ғой! Бірақ біз неге екені анамыздан айырылған соң ғана өкінеміз! Менде анамнан 2014жылдың 13 сәуірінде айрылып қалдым. Өзім ана болсамда осы уақытқа дейін анама еркелеп бала болып келіптім, тек анам өмірден озғанда ғана бір мезетте есейіп шыға келдім.Ананың орны ешқашанда толмайтын орын.Анаға тең келер ешкім жоқ екен.Бірақ енді ешкімді анам менің анам деп айта алмайтымына, қайтып енді анамды көрмейтініме әліде сене алмаймын. Анасы бар адамдар аналарың бар болса тек құрмет тұтыңдар. Ананың бір ауыз сөзіне зар боласыңда мен сияқты.

  17. Анасы бар адамдар шіркін, бақытты ғой!

  18. Мен де осыдан 15 жыл бұрын анашымнан айрылып қалдым.Анасыз өмір сүру соншалықты қиын екенін білмеппін.Шіркін, қазір балалық шағымды қайтарса екен,қолдағының барлығың берер ем.

  19. Мен де анамнан осыдан 15 жыл бұрын айырылдым.Анашымды қатты сағындым.Оның жылы алақаның,өзімді кеудесіне қысып ботақаным деген сөзін сағындым.Осы жылдар бойы қатты қиналдым.Өңім бе түсім бе деп жүрдім.Анасыз өмір сүру өте қиын, қазір өзім ана болдым.

  20. Омирде барлык нәрсенин орнын толтыруга болады, тек ананын гана орнын еш құнды нәрсе толтыра алмайды.Ана алаканынын жылуын айырбастау мүмкин емес.Мен анамнын аман-есен жургени ушин аллага мын тагзым етем….Анашым -әлемим…………

  21. менде ослай оз анама жане ажеме арнагим келеди

  22. Біздің аяулы анамамыз бен қамқоршы әпкеміз дүниеден өткеніне 40 күн болады. Аналарға деген сағынышты жеткізу мүмкін емес. Жалынып жаратқаннан сұрарымыз,
    Жұмақтан сіздерге орын нәсіп етсін! Құрметті бауыр-сіңілілер сіздерде мен сияқты анадан айрылған жан жүрегеі жаралы жандар екенсіздер, жүрек жарасы жазылар анашым қайдан табылар, сіздерге сабырлылық тілеймін!

  23. Анаға деген сағыныш — сағыныш аталының патшасы екен!!! Бір көруге зар болады екенсің. Мама, өзіңді қатты сағындым.Жатқан жерің торқалы болсын,жаның жәнәтта болсын!!!

  24. менің анамның өмірден озғанына 8жыл толды.Анашымның орнына бопелеріме ана болдым. анам қайтқанда інім 1жаста болатын,бізге өте қиын болды бирақ бәріне шыдадық.мен анашымды қатты сағынамын,іздеймін әліде.Адамдарға айтарым аналарыңызды ешқашан ренжітпеңіздер!

  25. я ана деп журип акелеримизди н/е олардин агаларын акелерин инилерин умыттындар мен осыдан 2 жыл бурин акемнин агасыннан айрылып калдым онын 2 баласы да отбасы курган ширкин соны коргенде

  26. Міне ,он бір күн бұрын ардақты да асыл анамнан айырылып қалдым. Бұл өте қиын қайғы , бұдан шығу жолын білмеймін. Қатты күйзелістемін , сенгім келмейді.

  27. Рахмет, Әділ лебізіңе. 
    «Алтынның қолда барда қадірі жоқ дейді»,- ғой. Қадіріңді білмеппін деп,  осы өлең жолдарын жазған әкемді қазір мен сағынып отырмын…. Ата-аналарымызды тірі кезінде қадірлей білейік, ағайын!

  28. Ана деген өмрдегі ең кымат адам бирак көзі тирісінде кадірін білмиді екенбіз сонысы өкінішті олен жолдарын оқып отырып өзімні анама жазылгандай

  29. салем мен де анамды катты сагындым оны созбен жеткизе алмаймын 2 жыл болды тозе алар емеспин тек жылаумен жубатамын озимди амалым жок баска

  30. ЙА ДОСТАР ӨМІР ЗАҢЫ СОЛАЙ. АНАНЫҢ ОРНЫ ЕРЕКШЕ ҒОЙ ӘРИНЕ. БІРАК БҮГІНГІ ТАҢДА СОЛ АНАЛАРЫНЫЗ СІЗДЕРДІ ҮЛКЕН АЗАМАТ БОП ӨСКЕНДЕРІНІЗДІ КӨРІП ЖОҒАРЫДА СІЗДЕР ҮШІН ҚАТТЫ ҚУАНЫП ЖУРГЕН БОЛАР.ҚАЙҒЫМЫЗ ОРТАҚ ДЕП АЙТА АЛАМ. СІЗДЕР АНАДАН АЛ МЕН ӘКЕДЕН АЙЫРЫЛГАНМЫН. ОЛ КІСІ МЕН ҮШИН ЕҢ ЖАҚЫН ӘРІ ЖЫЛЫ АДАМ ЕДИ. БҮГІНГІ ТАҢДА КЕТКЕНІНЕ 13 ЖЫЛ ТОЛМАҚ. ШІРКІН БАРІ АДАМ ҚОЛЫНДА БОЛСА…………….

  31. ассалаумагалейкум алдымен калдарыныз калай мунда окып отырсам тагдырлас достар екенбиз менин де анам оте жас кетти ол дуниеге арине ана деген асыл жан канша айтсакта камкорлыгна жылулыгына тенеу жок менин ана о дуниеге кеткели 3ай болды катты сагыгнам али келип балам деп айтардай болып турады анага деген сагынышымыз еш басылмайды

  32. АНАШЫМНЫН ДУНИЕДЕН КЕТКЕНИНЕ 8 ЖЫЛ ОТТИ БИРАК БАРЛЫГЫ КЕШЕ БОЛГАНДАЙ ЖАНЫМ АУЫРАДЫ.АЛИДЕ КУТЕМИН.САГЫНАМЫН ТЕРЕЗЕДЕН КУНДЕ КАРАИМЫН МУМКИН КЕЛИП КАЛАР ДЕП……..ЖАКЫН АДАМНАН АЙЫРЫЛУ КИЫН АСИР ЕСЕ АНАННАН…ОМИРДИН ЗАНЫ СОЛ БОЛГАН ШЫГАР БИРАК МЕН АЛИ ОЛ ЗАНГА КОНЕ АЛМАИ КЕЛЕ ЖАТЫРМЫН

  33. мен де анамды қатты сағындым!анамды көргім келеді де тұрады!
    анамның омірден кеткеніне 1 жыл болды,күтіп едім келетін шығар деп…бірак жоқ!
    енді анамның кайтып келмеске кеткенін білдім!
    бірақ анамның менің қасымда жүретінін сезем!

  34. Менде анашымды катты сагындым…катты, катты киналдым. бирак омир заны солай,конбеске амал жок.(

  35. Неге АЛЛАМ жаратады адамды,
    Ал содан сон кайтип оны алады???

  36. Анашымды катты-катты сагындым !!!

  37. Иә, ол автобустың қаңқасы емес құлаған самалеттің қаңқасы болатын (АН2) еді… Ол кезде мен 4-шіге көшкен болуым керек

  38. Есімде қалыпты, 1969-1970 жылдары болуы керек, менің 5-6 жас кезім. Шымкент облысының бір шалғай даласында қойлы ауылға барғанымыз. Әкем сол кезде бізді ертіп, нағашы апасын іздеп барған екен ғой. ;-)… Балалармен (Мұхамеджан бар) асыр салып ойнағанымыз, бір автобустың бос коробкасы далада тұратын, соның ішіне кіріп ойнағанбыз, даладан бір жылан ұстап алғанымыз есімде қалыпты. Әлгі жыланды Рәбиға апамыз бөлшектетіп, жерге көмдіріп тастағаны есімде қалыпты…

  39. Нагашы әжем Рәбиға өмірінің соңғы 19 жылын бізбен бірге өткізіп еді. Біз апа дейтінбіз. Кешке ұйықтар алдында апамыздың қасына жатуға таласушы едік…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 − 1 =