Естеу аға!

Түзу ұстап ұстаздық бағытыңды,
Ұстаздық пен қатар, өлең ойлар ағытылды.
Жан ұяңды жарың мен бала өсіріп,
Ер жетіп ұлдарың, немере сүйгізіп жаның тынды.

Білім беріп ұстаздық пен шәкірттерді,
Елін сүюге тәрбиелеп өнегелі.
Ұмытылмас артыңа із қалдырдың,
Ұл-қыздарың өсіп жатыр көрегенді.

Алатаудың етегінде жайланып жатырмысың,
Ақ қағазға түсіріп, өлең сөздің ақырғысын.
Жатқан жерің жәйлі, топырағың торқа болсын,
Ұрпақтарың өсіп-өніп аман болсын.

Әкенің атын шығарар өнегелі ұрпақтар,
Естеу атындағы әдебиет сыныбын аштыңдар.
Білім ордасы болсын батыр аға мектебі,
Отанын сүйген шықсын неше алыптар,
Сүйсінсін соған егеменді қазақтар!

Батыр мектебіндегі оқытушы ұжымың,
Көтеруде тиянақты оқушылар білімін.
Ілияс інім орындауда тапсырмасын елімнің,
Дамытуда қалап кеткен ағалардың ілімін!

Ұстаз, зейнеткер  Кеңесбек Дөңбаев


Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

12 + 8 =