Жыл толды ақын жүрек тоқтағалы

Салыппын суретті де сөзбен зерлеп,

Тұп-тұнық Аспантаудың көркіңмен тең.

Естеу Нүсіпбеков

Жыл толды ақын жүрек тоқтағалы,
(Қимаймыз, жанардан жас боталады).
Сусап кеп жыр-бұлақтан шөлім бастым,
Маздайды, марғау көңіл, шоқтанады.

Жыл толды абзал ақын дамылдауда,
(Қанжар емес, тосатын асын жауға).
Қазақ үшін, жыр үшін, шәкірт үшін,
Шыдап өткен соқса да басын тауға.

Жыл толды ғазиз ақын толғамайды,
Жүректен өткізетін болған жайды.
Жалғанда нүктесі жоқ сан мың сауал,
Нәзік жанға қашанда болған қайғы.

Жыл толды асыл ағам көз ілгенге,
Жанға шипа – кәусар ой, сезім ем де.
…Аспантаулар ақынын аңсар әлі,
(Бар кезінде қадірі сезілген бе?)…

Нұрлан Қалқа,  Қазақстан жазушылар

Одағының мүшесі. 21 сәуір 2007 жыл.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

четыре + 5 =