«Әке көрген оқ жонады…»

Жұмабек Шорманов

Суретте: Шорманов Жұмабек Разалыұлы.

(Естеу Нүсіпбековты еске алу)

Жылда өтті дүниеден озғаныңа,
Қайғы жұтқан өмірде аз ба мына?!
Біреулері Арысын еске алса,
Енді бірі өксиді боздағына.

Өмір деген қамшыңыздың сабындай,
Денсаулығың астыңдағы тағыңдай.
Отбасының амандығы әрдайым,
Маңдайдағы таусылмайтын бағыңдай.

Бас ие ең, азамат ең, ақын ең,
Туған-туыс, ел-жұртыңа жақын ең.
Көңіліңді қылау шалар істер мен
Сүймеуші едің әділетсіздікті атымен.

Ұл-қызыңды білімді ғып өсірдің,
Шалыс басқан артық-кемін кешірдің.
Туыстардың қиындығын арқалап,
Қамын жедің ерте қалған жесірдің.

Ұстаз едің білім берген жастарға,
Құшағың да ашық еді достарға.
Алдын ала ойға түйіп барлығын,
Әрбір ісің енуші еді жоспарға.

Елу жылдың асуынан бір асқан,
Өмір жайлы, өлең жайлы сұрасқан.
Тәуелсіздік шұғыласын бір сүйіп,
Бауыр едік, бүкпей ашық сыр ашқан.

Торқа болсын жатқан жерің, Арысым,
Үлгі болсын шәкірттерге әр ісің.
Көкірегіне ұяласын жастардың,
Адамдығың, ақындығың, дәрісің!

Жақсы ойлар оралады көмейге,
«Әке көрген оқ жонады…»,- демей ме?!
Ержан қалқам, бұл игі ісің менімше,
Орындалған әке арманы емей не?!

«Әкем менің ешқашан да өлмесін»,
Деген ұл-қыз еш жамандық көрмесін.
Ертең елдің көшін бастар ұрпаққа,
Жасап берген оқу-білім бөлмесін.

Шорманов Жұмабек Разалыұлы. 21 сәуір, 2007 жыл

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Один ответ к ««Әке көрген оқ жонады…»»

  1. Жұмеке! Сіздің «Туысқандар» атты өлеңіңізге ән шығып еді. Төмендегі телефонға хабарлассаңыз. 8-777-…..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

восемь + три =