Метка кітап

Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап.

Ауырдым, ауырсам да алпысқа аттап, Бір ғұмыр кітапшасын алпыс қаттап. Гүл жардым алпыс көктем, алпыс жазда, Ажым сап алпыс қыс пен алпыс қатқақ. Күн, түнім ойлы өтті, өнерлі өтті. Өмірден, кітаптан да көрдім көпті. Ал мектеп – ми шыңдаған мектеп…

Көзін ашпақ болып қалың наданның…

Көзін ашпақ болып қалың наданның, Досы болды әкем кітап, қаламның. Сол әкеміз және алғашқы ауылда Бірі болды мектеп ашқан адамның. Бірі болды ашық көзді адамның, Бірі болды ғашық сөзді адамның. Сол әкеміз ойпыл-тойпыл заманда Ілінгені-ақ нысанасына наданның.

Ақын Е.Нүсіпбековтің шығармашылығы.

Ақынның алғашқы жинағы 1957 жылы Шиңжаңның Жастар баспасынан «Арман» деген атпен шыққан. Онда кітап атын иеленген өлең былай аяқталады: …Шіркін, Арман, көз ұшынан қылаңдап, Жеттім десем, алыстайсың бұлаңдап. Қуа беру сені неткен тамаша! Жеткізбеші, жеткізбеші сылаңдап…

Ақ бұлағы жанымның — кітабы

«Ақ бұлағы жанымның» кітабы 2005 жылы «Қазығұрт» баспасында басылып шықты. «Ақ бұлағы жанымның-сезімдерім бұлқынған, Ағындарға ақ толқын құлаш ұрып ұмтылған. Ақыл-ойды мендеткен әлегі асық жыр тумам, Ақтарылған алға-артқа, аялы жоқ бір тынған.» — шумағымен басталатын «Ақ бұлағы жанымның» кітабы ақ…

Ақ бұлағы жанымның

Ақ бұлағы жанымның – сезімдерім бұлқынған, Ағындарға ак толқын құлаш ұрып ұмтылған. Ақыл-ойды меңдеткен әлегі асық жыр-тумам, Аңтарылған алға-артқа аялы жоқ бір тынған. Мөлдір тұнық тамшысы маңдай терден үзілген, Мұз бұршақпен шайылып, малта таспен сүзілген. Сусындатқан бау-бақты, адамзатты құзырмен, Күлім…

«Кешіккен сый» кітабы жайында

Е.Нүсіпбековтің « Кешіккен сый» кітабы жайында (Өкен ІЛИЯСҰЛЫ, Қ. Сәтбаев атындағы   орта мектептің қазақ тіл-әдебиеті мұғалімі, әдіскер ұстаз.) Құрметті білікті қауым, қадірлі ұстаздар, білім қуған мөлдір сезім шәкірттер ! Бүгін осы мектепте, осы киелі шаңырақта ұзақ жыл тер төккен, біріміздің…