Ә С П Е Т

Ибалы ізетпен

Сәлем бер үлкенге,

Ізгілік іздеткен,

Ашылсын нұр кеуде.

Ұста атын әдеппен,

Әспетте қарттарды.

Нар тұтып әдеттен,

Нау ақыл нарттарды.

“Кісі болар баланың

Кісіменен ісі бар.

Кісі болмас баланың

Кісіменен несі бар?!”

Жүрекке жұғымды,

Бұл сөздер – май саумал.

Зейілге қонымды

Жаратқан жайсаңдар.

Саумалға уыздай

Толтырсаң сабаңды,

Қандырар қымыздай,

Тұшынтып санаңды.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

9 − три =