Т У Р А Т Ұ Т Ж Ү З І Ң Д І

Еңкейме, шалқайма,

Тура тұт жүзіңді.

Көрсете ал қай-қайда

Бойда бар қызуды.

Түрулі құлақпен

Тыңдай біл зейілді.

Ойыңды жырақпен

Жалғастыр пейілді.

Мұрныңнан міңгірлеп,

Жұтынба аптығып.

Анық айт әр сөзді,

Алсын жұрт нақты ұғып.

Ерін, тіс, тілің де

Атқарсын өз ісін.

Жеткізсін үнің де

Тай дауыс өрісін.

Ескеру, елену –

Тіліңнен, сұрыңнан.

Жақсы ұлға теңелу –

Сегіз қыр сырыңнан.

Ұнаса, бөлісе отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

один × один =